Шартарап

WhatsApp-та адамдар ұзақ күткен функция пайда болды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

WhatsApp құрастырушылары пайдаланушының құрылғысындағы ғана емес, сұхбаттасушысының да хабарламаларын жоюға мүмкіндік беретін қосымша енгізді.


Аталған қызмет басқа абоненттерге қателесіп хабарлама жіберіп қойған жағдайда көмегін тигізбек, деп хабарлайды The Next Web.


Хабарламаның толықтай жою оны жібергеннен кейін жеті минут ішінде жүзеге асырылады. Бұл уақыт өткенге дейін хабарлама жойылмай тұрады. Чаттағы хабарлама орнында «Хабарлама жойылды» деген жазба пайда болады.


«Бәрі үшін жою» жаңа қызметі қосымшалар жаңартылғаннан кейін пайда болады. Жаңа қызметті Android, iOS және Windows Phone басқаруындағы құрылғымен қолдана алады. Ол үшін жоюды қажет ететін хабарламаны таңдап, саусақпен басып тұрып, ашылған терезеден «Бәрі үшін жою» нүктесін таңдау керек. Қажет болған жағдайда бірнеше хабарламаны бірден жоюға болады, деп жазды The Next Web.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 2634    Пікірлер: 0

сенбі, 28.10.2017, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31