Шартарап

Әдемі болып өлгім келеді: Қатерлі дертке шалдыққан қыз емделуден бас тартты

  • Фото: facebook.com/AmySquaimz

    Фото: facebook.com/AmySquaimz

28 жастағы британиялық Эми Редхэд обыр ауруына шалдығып, ауруханада соңғы күндерін өткізуде. Бойжеткен әдемі болып өлгісі келгендіктен, химиотерапия алудан бас тартқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Эмидің ішек құрылысы 11 жасынан бастап ауырған екен. Алайда өмірді сүйетін қыз оған аса мән бермей, жылдар бойы шыдап келген. Үнемі спортпен шұғылданып, белсенді қозғалыста болыпты.



Бойжеткен 28 жасқа келгенде ішкі аурулары шыдатпай қояды. Дәрігерлер Эмиді тексере келе, оның ішек обырына шалдыққанын анықтайды. Аурудың асқынғаны соншалық, ол бауырына дейін өтіп кетіпті.


Осыдан кейін дәрігерлер Эмидің өмірін біраз ұзартуға көмектесетін химиотерапиялық ем жазып береді. Алайда науқас одан түбегейлі бас тартып, соңғы күндерін көрікті қалпымен өткізгісі келетінін айтқан. Ол барынша көңіл көтеріп, уақытын жақындарымен өткізуге тырысыпты.


Эми жаңа жыл күні әлеуметтік желідегі парақшасында 2018 жылға аман жеткеніне шүкір айтып, жазба қалдырған.



Алайда мереке өте салысымен қыздың жағдайы нашарлап, ауруханаға түседі. Ауруы асқынып, дерті дендесе де, Эми өмірге деген махаббатын жоғалтпапты. Ол емдеу бөлмесінде жатып-ақ тырнақтарын бояп, мейрамханадан тамақ алдырады.




Қазір Эмидің сіңлісі оған қамқорлық танытып, әрбір күнін жанында өткізіп жүр.


"Эми көзін мәңгілікке жұмғанша, өмір үшін күресіп өтеді. Ал біз оның жанында боламыз", - дейді ол. 




Көрілген: 947    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 09.02.2018, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28