Шартарап

Ажырасу үшін АХАЖ-ға келген жігіт сол жерде әйелін өлтірді

  • Көрнекі фото: 64.rodina.news

    Көрнекі фото: 64.rodina.news

Өзбекстанда 26 жастағы азамат өз әйелін АХАЖ ғимаратының алдында пышақтап өлтірген. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Оқиға 5 қыркүйек күні Ферғана облысының Даңғары ауданында болған.


"Жұбайын өлтірген азамат "Оқжар" ауылының тұрғыны. Дәл сол күні ол әйелімен ажырасу үшін АХАЖ ғимаратына келген. Кездесу барысында олардың арасында дау туып, күйеуі әйеліне бірнеше рет пышақ ұрып, қашып кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң ол полиция бөлімшесіне өзі келіп, кінәсін мойындаған екен", - деді Даңғара ауданының тұрғыны.

Даңғара ауданы құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, азамат қазір Қоқан қаласы ішкі істер бөлімінің тергеу изоляторында отыр.


"Қылмыскер 1992 жылы туған азамат болып шықты. Оның жұбайы 1993 жылғы азаматша еді. Бес ай бұрын ерлі-зайыптылардың арасында дау туып, әйелі ата-анасына кетіп қалған. Ал дәл 5 қыркүйек күін олар ажырасу үшін АХАЖ ғимаратына келген", - деп хабарлады Ішкі істер бөлімінің қызметкері.


Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 




Көрілген: 964    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.09.2018, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30