Шартарап

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданбақ

  • © tirshilik-tynysy.kz

    © tirshilik-tynysy.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың қытайлық адвокаты Жоғарғы сотқа шағымдануға бел буып отыр. Себебі Гуанчжоу соты осы іске қатысты нақты шешім шығармағанына екі жылға жуық уақыт өткен.


Адвокат Қытай заңында қылмыстық істі қайта қараудың нақты мерзімі көрсетілмегенін айтады. Оның сөзінше, Ақжарқынның кінәсін дәлелдейтін бұлтартпайтын нақты дәлелдер әлі де жоқ.


Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық студент 2014 жылы Қытай аумағында есірткі тасымалдады деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін 2016 жылдың 7 сәуірінде апелляциялық сот бұл шешімді өзгертіп, істі Гуанчжоудың бірінші сотына жібереді. 2016 жылдың қарашасында сот істі қайта қарағанымен, нақты шешім шығаруды кейінге қалдырған.


Сяо Чжаньдэ, А.Тұрлыбайдың адвокаты:


- Мен бірнеше күннен бері Ақжарқынның ісін қайта қарап жатқан сотпен байланыстамын. Сот маған өзі қоңырау шалды, оның сөзінше, іс әлі де қаралуда. Сондықтан таяу күндері біз Қазақстанның Бас консулымен келесі әрекетті ақылдасамыз. Мен Жоғарғы сотқа шығамын және хат жолдайтын боламыз.


Осы категория бойынша: « Алматыда BRT желісін іске қосу арқылы жол жүру уақыты 3 есеге қысқарды МСҚ жыл басынан бері медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге төледі »


24.kz


 




Көрілген: 252    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.09.2018, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31