Шартарап

АҚШ Қырғызстан оқушыларының тамағына арнап 20 млн доллар бөледі

  • АҚШ Қырғызстан оқушыларының тамағына арнап 20 млн доллар бөледі

    АҚШ Қырғызстан оқушыларының тамағына арнап 20 млн доллар бөледі

АҚШ билігі Қырғызстандағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін 20 млн доллар бөледі. Бұл туралы Бішкектегі АҚШ елшілігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centrasia.ru сайтына сілтеме жасап.


Қырғызстандағы билік өкілі Алмазбек Бейшеналиев аталған қаражаттың Макговерн-Доул бағдарламасы аясында бөлінетінін айтты. Бұл бағдарлама 2012 жылдан бері АҚШ Ауыл шаруашылығы Департаментінің қолдауымен жүзеге асып келеді. Осы бағдарламаның арқасында 500 мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылды. Қаржыландыру 2018-2021 жылдары аралығында да жалғасатындықтан, алдағы уақытта тағы 430 білім алу мекемесі жобаға енгізілді.


Бөлінген соманың 15 миллион доллары асханаларды техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, аспаздарды оқытуға және алдағы төрт жылға арнап азық-түлік сатып алуға жұмсалмақ. Әңгіме бастауыш сыныптың 86 мың оқушысы мен 5 мың балабақша тәрбиеленушілеріне арналған 2,6 мың тонна азық-түлік жайында болып жатыр.


Бағдарлама ақшасы дәлірек әр балаға күнделікті нормасы 50 грамм ұн, 10 грамм күріш, 5 грамм бұршақ және 5 грамм май болатын тамаққа жұмсалады. Ал білім беру мекемелері бұл рационды көкөніс, ет және сүтпен толықтырады. 


 


 




Көрілген: 520    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30