Шартарап

АҚШ полициясында істейтін қазақ ерледі (видео)

  • © nur.kz

    © nur.kz

Бруклиндегі (АҚШ, Нью-Йорк) метро станциясының маңында әйел полицей қызметін атқаратын Қазақстан тумасы Данияр Нұртазаның көмегімен аман-есен босанып, дүниеге ұл әкелді.


“Жедел жәрдем” мен полицейлер әйелді 27 қыркүйекте метро станциясы маңынан таңғы 5.30-да тапты деп хабарлайды NYDailynews.com.


“Ол жылап, “маған келіңіздерші, балам дүние есігін ашпақшы” деумен болды”, – дейді сол маңда қызмет ететін 55 жастағы Икбал Шахид.


Дәрігерлер әйелді сол жерде босандырды. Жаңадан туылған баланың маңына адамдар үймелей бастады.


“Ол көзін ашып, айналасына қарады. Ірі болатын, түрі де жаман емес “, – дейді куәгерлер.


“Көптеген адамдар бақытты болып, қол шапалақтады”, – дейді 56 жастағы дү сатушысы Дуг Левин.


“Біз оған жүгіріп жеткенде, бала дүниеге келіп жатты. Фельдшер оны ұстап үлгерді. Мен кідірмей жедел жәрдем көлігіне жүгіріп, ол жерден қажет медициналық құралдарды алып келдім. Бәрі тез арада болғаны соншалық, не болғанын өзім де түсінбей қалдым. Біз дер кезінде үлгергенімізге бақытты болдым”, – деген Нұртазаның сөздерін Tengrinews.kz жариялады.


Нұртаза АҚШ-та 2002 жылдан бері тұрады. 2008 жылы АҚШ азаматтығын алып, 2010 жылы полицейлік емтиханнан өткен. Ал 4 жылдан кейін полицейлік қызметке орналасты.


nur.kz






Көрілген: 979    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 30.09.2015, 16:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28