Шартарап

АҚШ-тың түбіне жетуі мүмкін бір апат

  • АҚШ-тың түбіне жетуі мүмкін бір апат

    АҚШ-тың түбіне жетуі мүмкін бір апат

 Бір жыныстылар некесі, отбасы құндылықтарын мансұқтайтын өзге де әлеуметтік дерттер, есірткі, т.б. АҚШ-тың түбіне жететін жат әдеттер деп кезінде Атлант мұхитының арғы жағалауындағы АҚШ-қа қас елдер насихаттап, сәуегейлік жасайтын. Алайда, олардың бұл болжамы әзірге орындалған жоқ.


Адам, соның ішінде, еңбек ресурстарына АҚШ-та зәрулік жоқ. Болмайды да, өйткені, күллі әлем АҚШ-қа ағылады. АҚШ азамттығын алуды армандайды. Бұл тұрғыда АҚШ кемдік көрмек емес. Нақты бір ұлтқа тиесілі мемлекет емес, қырық құрақ елдің түбіне, сарапшылардың айтуынша, табиғи апаттар, соның ішінде, боран мен өрт жетуі мүмкін. Сарапшылар бұл пікірді географиялқ ерекшелігіне қарай аталған елде жылда табиғи апаттардың қайталанатындығымен байланыстырып айтып отыр. Жыл сайын миллион емес, милиардтаған, бірнеше миллиард емес, жүз миллиардтаған шығынға батырып кететін табиғи апаттар алып елдің іргесінен үңгіп жатыр. Басқа жылдардағы апаттар мен оның зардаптарын, экономикалық салдарын және шығынын айтпаған күннің өзінде өткен жылы, яғни, 2017 жылы дүлей дауыл мен тілсіз жаудан АҚШ 306 миллиард доллар шығын көрген. Бұл жайында мәлімет Теңіздер мен атмосфераны зерттейтын ұлттық басқарма жасаған баяндамада келтірілген. Баяндамадағы дерек бойынша бір ғана "Харви" дауылынан 125 млрд доллар, ал «Мария» дауылынан 90 млрд доллар, сондай-ақ «Ирма» дауылынан 50 млрд доллар шығын келген. Бір жыл ішінде. Ал бірнеше штатты шарпыған өрттен 18 млрд доллар шығын тартқан. Су тасқыны мен құрғақшылықтың салдарын жою үшін 19 млрд доллар қарды жұмсаған. Айта кетейік, 2015 жылғы есеп бойынша АҚШ-тың әлем алдынға қарызы 19 триллион долларға жетіп қалған. 2000 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15 жылдың ішінде қарыз мөлшері 3,5 есеге артқан.


islam.kz




Көрілген: 921    Пікірлер: 1

сенбі, 13.01.2018, 13:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31