Шартарап

"Ақша түбіме жетті": Лотореядан қыруар қаржы ұтқан азамат өкінішін жеткізді

  • Фото: life.ru

    Фото: life.ru

16 жыл бұрын лотореядан тарихтағы ең көп ұтысты жеңіп алған Джек Уиттакер бірден байып кеткенімен, кейінірек ақша оның түбіне жеткен. "Аспаннан түскен" 314 миллион доллардың қалай жұмсалғаны туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.


2002 жылы 314 миилион доллар өте көп ақша саналатын. Джек 112 миллион доллар салығын төлеп, ұтысын толық қолына алған.


Лотореяда жолы болған азамат ауқымды соманы ала салып, оны сатқан дүкендегі кассир қызға үй мен көлік алып береді.


Осыдан кейін өзі тұратын қалада жұлдызға айналған Джектен барлығы қайырымдылық жолында ақша сұрай бастапты.

2003 жылдан бастап ол түнгі клубтарға жиі барып, кейінірек тіпті киімі мен түр-әлпетіне қарауды да қояды.


"Киімі мыжылып, өзі кір қалпақпен жүре беретін. Ол алғашында "Мен Джек Уиттакермін. Менің айтқанымды барлығың тыңдайсыңдар... Менің ақшам Құдайдан да көп" деп айтатын", - дейді клуб қызметкері.


Көп уақыт өтпей оның көлігіне ұры түсіп, өзімен бірге алып жүретін сөмкедегі жарты миллион долларын қолды қылады.


Ал Джекпен бірге тұратын жалғыз немересі Бренда байлықтың кесірінен есірткіге салынып, 2004 жылы өлі күйінде табылған. 




Көрілген: 813    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30