Әлем елдері тәуелсіздігін қалай алды?

Әлем елдері тәуелсіздігін қалай алды?

Әлемде 190-нан астам тәуелсіз мемлекеттер бар. Ал осы мемлекеттердің тәуелсіздігін қалай алды деп ойлайсыз? Baq.kz ақпарат агенттігі тәуелсіздік күніне байланысты осы сұраққа жауап беріп көреді.

Алдымен демократияның үлгісіне айналған АҚШ-қа тоқталайық

Еуропадан келіп, Американы мекендеген мигранттар, отарлық қанауға төзбей 1775 жылы 4 шілдеде өз тәуелсіздігін жариялап, Англияға қарсы соғыс ашты. Бұл тарихта АҚШ революциясы деген атпен қалды.

АҚШ әскерінің бас қолбасшысы болып (АҚШ-тың тұңғыш президенті) Джордж Вашингтон сайланды. Әскерге сол кездегі қолына қару көтере алатын барлық ер азамат шақырылды. Олардың арасында 13 жастағы (кейіннен АҚШ-тың жетінші президенті) Эндрю Джексон да болды. Ереже бойынша әскерде 1 жыл қызмет еткендерге үйіне қайтуға болады. Бірақ мыңдаған ұлтшыл азамат өз елінің тәуелсіздігі үшін соғыс аяқталғанға дейін (1776-1783 соғыс жылдары) Джордж Вашингтонмен бірге ерлікпен соғысты.

Қиын сәтте Франция мемлекеті қазіргі ақшамен 13 миллиард доллар көлеміндегі қару-жарақ, азық-түлік және әскери көмек берді. Нәтижесінде, Англия 1783 жылы АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады.

Әлем бойынша халық саны өте көп Үндістан

Бұл мемлекеттің тәуелсіздік алу жолында Махатма Гандидің орны бөлек. Миллиондаған адам оған сенім артып, оның қан төгіссіз тәуелсіздік алу идеясына сенді. Оған дәлел, елде тұз қымбаттауына байланысты бейбіт шеру шыққан Ганди және жақтастары түрмеге қамалған сәтте. Оларды қолдап 80 мың адам өз еркімен түрмеге қамалған еді. Тіпті, түрмеде адамдарға орын жетпей, ақыр соңында, ағылшындар Гандимен оның жақтастарын шығаруға мәжбүр болды.

Гандидің бастамасымен миллиондаған үндістандық 1947 жылы 15 тамызда Ұлыбриятаниядан тәуелсіздігін алды. Осылайша Махатма Ганди бейбіт жолмен тәуелсіздік алуға болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді.

Азия жолбарысы - Синапур

Сингапур өз тәуелсіздігін 1963 жылы Малайзиямен бірге алды. Ли Куан Ю сыртқы қауіптерден сескенгендіктен, бастапқыда тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылған жоқ. Сингапурды Малайзияның құрамында болуы керек деп санады. Осылайша 1963-1965 жылдарда Сингапур Малайзияның құрамында болды. Малайзия мемлекеті мұсылман мемлекеті болса, Сингапурда қытайлықтар көп еді. Бұл екі тарап арасында дін аралық және басқада қақтығыстардың туындауына әсер етті. Сондықтан, Малайзия мемлекеті 1965 жылы Сингапурды өз құрамынан шығарып тастады. Ли Куан Ю тәуелсіздікті қаламасада, оны мойындауға тұра келді.

Бір түбекте орналасқан Онтүстік және Солтүстік корей мемлекеттері

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Ялта конференциясына сәйкес корей түбегінің солтүстігі КСРО мемлекетінің, ал оңтүстігі АҚШ-тың бақылауына берілді. Кейін бұл мемлекеттер арасындағы қырғи-қабақ соғыстың әсерінен бір мемлекет жасанды түрде екіге бөлінді. Осылайша 1948 жылы 15 тамызда Корея Республикасы, 9 қыркүйекте солтүстікте Корей Халық Демократиясы атты мемлекеттері құрылды. 

Неліктен Францияда тәуелсіздік күні жоқ?

Бұл мемлекеттің тәуелсіздігін қалай алғанын түсіндіру өте қиын. Франция өз тарихында бес бірдей Республикалық (Қазіргі Франция мемлекеті бесінші Республика) билік орнаған. Әр Республиканың орнауы жеке тәуелсіздік деп айтсақ болады. Сондықтан болар оларда тәуелсіздік күні жоқ. Оның орнына елде Бастилия қамалын алу күні бар. Осы қамалды алғаннан соң бірінші Республикалық билік орнады, бұл артынша мерекеге айналып, тәуелсіздік күнінің орнына тойланады. 

ХХІ ғасыр мемлекеті Черногория тәуелсіздігін қалай алды?

Югославия ыдыраған соң Черногория Сербия мемлекетінің құрамында болды. 90 жылдардың басында Черногория мемлекеті, тәуелсіздік туралы сөз қозғай бастады. Тек 2006 жылы ғана ішкі қайшылықтарға байланысты әлемдік қауымдастық бұл мемлекеттерді бөлу керек деп санап, референдум өткізуге келісім берді. Референдумның нәтижесінде 55,4 пайыз адам тәуелсіздікке дауыс беріп, егемендік алды. 

Наурызбек Жұмамұратов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста