Әлемдегі ең алғашқы робот-полицей бүгін қызметіне кірісті

Әлемдегі ең алғашқы робот-полицей бүгін қызметіне кірісті

Дубайда әлемдегі ең алғашқы робот-полицей қызметіне кірісті, деп хабарлайды Baq.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Испаниялық PAL Robotics компаниясымен әзірленген REEM есімді робот ең алғаш рет 2011 жылы таныстырылған болатын. Салмағы шамамен 100 келі, бойы 1,7 метрге жақын гуманоидтың екі қолы және аяқтың орнына екі дөңгелегі бар, кеудесінде сенсор орнатылған. Тоғыз тілде сөйлейтін робот адамның түр-түсін 80 пайыз дәлдікпен ажырата алады.

 

«Бұл робот адамдарға интерактивті қызмет атқарады», - дейді Дубай полициясындағы смарт-қызмет департаментінің директоры әрі робот-полицей жобасының жетекшісі Халид Насер Әл-Разуки.

Арнайы жүктелген бағдарламаның арқасында адамдар оған сұрақтарын қойып, ол арқылы айыппұлдарын төлеп, қажетті мәліметтер ала алады. Ол адамның қолын ұстап амандасып, әскери сәлемдесе алады. Роботтың көзіне орнатылған камераға түскен мәліметтер немесе оқиғалар тікелей командалық бақылау орталығына түсіп, талдау жасалады. Одан әрі ол іспен адамдардың өзі айналысады.

«Ең алдымен мұндай роботтар елдің туристік орындарында, қаладағы ірі сауда орталықтарында қызметке шығады», - деген Халид Насер Әл-Разуки болашақта мұндай құрылғылар жергілікті полиция қызметі үшін регистратордың рөлін атқаратынын айтты.

 

REEM робот-полицейлер желісінің сынамасы. Мәліметтер базасы мен іс-әрекеті шектеулі. Егер сынақтан жақсы өтсе, Дубай полициясында роботтардың саны өседі. Дубай билігі 2030 жылға қарай мұндай робот-полицейлер жалпы полиция құрамының 25 пайызын құрайды деп жоспарлап отыр. Тіпті, робот-полицейлердің жеке учаскесі құрылуы мүмкін. Іс-әрекеті жетіліп, бағдарламасы толықтырылғаннан кейін, жасанды интеллект иесі қылмыскерлерді өзі қуып, ұстайтындай деңгейге жетеді. Және оған қол жеткізу үшін Дубайдың смарт-қызмет департаменті қызу жұмыс істеп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста