Шартарап

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға оралды

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев еліне оралды. Бұл туралы Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының ресми өкілі Қундыз Жолдубаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.


Қундыз Жолдубаева Facebook желісіндегі ресми әлеуметтік парақшасында экс-президенттің келуіне байланысты жазба қалдырған.


"Достар! Бізді күткен, күмәнданған, күтпеген жандардың бәріне сәлем! Социал-демократиялық партия делегациясы толық құрамда өз еліне аман-есен оралды! Енді тыныш ұйықтасаңыздар болады. Бірақ кейбіреулердің ұйқысы қашып кеткеніне сенімдімін. Біреу өзінің қалағанын шындық деп бергісі келген..."- деп жазды ол (автордың стилистикасы сақталған).


Басылымның мәліметінше, 22 қазанда экс-президент Алмазбек Атамбаев Мәскеуге ұшып барып, онда 24-27 қазан аралығында азиялық саяси партияның Халықаралық конференциясының Х Бас Ассамблеясына қатысқысы келген.


"Алайда, 22-23 қазан күндері К. Ш. Шаршенованың жерленуіне байланысты ол Санкт-Петербургте болған. Бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың бұл сапары жақын әріптесі болып саналған Икрамжан Илмиянованың тұтқындалуымен тұспа-тұс келді. Қырғызстанның кейбір БАҚ өкілдері мен жұртшылық арасында енді бұрынғы президент Қырғызстанға қайтып оралмауы мүмкін деген болжамдар тарай бастаған", - деп жазды басылым.


 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.10.2018, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30