Шартарап

Анасы темір ожаумен ұрған 3 жасар бала комаға түсті

  • Ⓒkyrtag.kg

    Ⓒkyrtag.kg

Қырғызстанның Ош қаласында әйел өзінің 3 жастағы баласына қол көтерген, соның салдарынан сәби комаға түскен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КирТАГ-қа сілтеме беріп хабарлайды.


«Ош қаласында 24 жастағы әйел өзінің 2,8 жастағы баласын темір ожаумен ұрған. Баланың жағдайы өте ауыр, комаға түскен»,- дейді Ош қаласының ІІБ баспасөз-хатшысы Замир Сыдықов.


«Баланың іш құрылысына, миына зақым келген. Дәрігерлер баланың аман алып қалу үшін барлығын жасауда. Баланың анасы сәбидің жағдайы қатты нашарлап кеткеннен соң ғана ауруханаға әкелген. Қазір ол жансақатау бөлімінде жатыр»,-дейді ол.


Әйел полицияға баласына қол көтергенін мойындамаған, сәбидің жарақатты құлаған кезде алғанын айтқан. Әйел ажырасқан, жалғызбасты ана. Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.02.2018, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31