Шартарап

Анасы тірідей көміп кеткен нәресте үш күн бойы қабірде жатса да аман қалған

  • © LADA.KZ

    © LADA.KZ

Оңтүстік Африканың Паддок қаласында жантүршігерлік жағдай болды. Анасы тірідей жерлеп кеткен нәресте үш күн бойы қабірде жатқан. Абырой болған оны дәрігерлер құтқарып қалды.


Бұл туралы NUR.KZ  порталы naijaloaded.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Безбүйрек ана жаңадан туған нәрестесіне кішігірім қабір қазып, оны сонда тірідей көміп кеткен. Орман зауытының қызметкерлері ормандағы нәрестенің шырылдап жылап жатқанын естіп қалады.


Айта кетерлігі, нәрестесін көміп кеткен 25 жастағы бойжеткен дәл сол зауытта қызмет етеді. Ол нәрестені көму үшін зауыттың құмын пайдаланған. Бойжеткен ата-анасынан қорыққандықтан, жантүршігерлік қылмысқа барғанын алға тартты.


Айтуынша, ата-анасы оның екінші рет аяғы ауырлап қалғанына қуана қоймайды.


Ол 4 жасар баласы барын, екінші баланың оған қиындықтар тудыратынын айтып ақталған. Нәрестеге дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, оны аман алып қалды. 




Көрілген: 1158    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 21.04.2017, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 09:42
    Әлемдегі ең бай әйел кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31