Шартарап

Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

  • Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

    Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

Қазір қыз балалар үйінде. Қазақстанның консулы баламен кездесіп, анасымен хабарласып отыр.


Германияда қызын ұрғаны үшін қазақстандық әйелден баласын тартып алды.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияровтың мәліметіне сүйенсек, оқиға бірнеше апта бұрын болған. Қыз бала анасының ұрып-соққанын ұстаздарына айтып барыпты. Германия заңы бойынша, балаға зорлық-зомбылық жасауға тыйым салынғандықтан, жергілікті билік өкілдері қызды анасынан айырды.


"Қазір әйел адвокаттармен бірге сотқа қажетті құжаттарды ресімдеп жатыр", — деп мәлімет берді Айбек Смадияров.


Тергеу барысында қыз балалар үйінде болады. Қазақстанның консулы қызбен кездесіп, анасымен де үнемі байланыста отыр.


Сыртқы істер министрлігі қыз баланың отбасына оралуы үшін барынша жәрдем беретін болады.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31