Шартарап

Әр қонағына су жаңа iPhone 8 сыйлаған той иесі алғыс емес, сөгіс естті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Сауд Арабиясындағы үйлену тойдың видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр деп хабарлайды 1news.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Мысырлық БАҚ-тың жазуынша, той иесі мерекеге келген әрбір қонаққа iPhone 8 телефонын сыйлыққа берген. Бағалы затты таратып жатқанының дәлелі ретінде куәгерлер тіпті видеоны ғаламторға салған.


Онда даяшылар іші су жаңа телефон қорабына толы тойбастар іспеттес буылған табақты қонақтарға тарату үшін әкеле жатқаны анық көрінеді.


Кейін белгілі болғандай аста-төк той Сауд Арабиясының батысындағы Джидда қаласында өткен. Жергілікті жұрт пен әлемдік БАҚ өкілдері сонша ысырапшылдыққа барған той иесін мақтап емес сөгіп жатыр.


Осындай шудан соң кейбір қонақтар әлеуметтік желіге Apple қорабының ішінде шын мәнінде телефон емес, тәттілер болғанын жазуда. Тіпті, мұндай ерекше сыйлық жасау жергілікті жұрттың ата дәстүрі делінген.


Алайда әлем жұртының назарына ілінген үйлену тойында нақты не сыйланғаны әзірге белгісіз болып тұр.


 




Көрілген: 1232    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 30.10.2017, 20:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30