Шартарап

Әскери адам жүріп бара жатқан пойыздың астынан баланы алып шықты (видео)

  • © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

    © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Үнділік әскери қызметкер қозғалып бара жатқан пойыздың астына түсіп кеткен бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды РИА Новости.


Мумбаи қаласындағы вокзалда бейнебақылау камерасы орнынан қозғалып кеткен пойызға кішкентай қызын ерткен әйелдің жүгіріп келе жатқанын түсіріп алған. Анасы вагонға секіріп мінеді, ал қолынан шығып кеткен қызы пойыздың астына түсіп кетеді.


Станцияда жақын маңдағы орындықта отырған әскери адам шапшаң қимылдап, баланы пойыздың астынан алып шығады.



Басылымның хабарлауынша, баланы құтқарып қалған адамның есімі — Сачин Пол. Бес жасар қыз бен оған вокзалдағы медициналық пункте көмек көрсетілген.


Баланың әкесінің айтуынша, ол әйелінің алдында келе жатып, не болғанын көрмеген. Оның сөзіне қарағанда, Мумбаиға алғаш рет келген келіншегі пойыздың тез жылдамдықпен қозғалып кететінін білмеген.


"Мен қызымды өлімнен құтқарып қалған ол адамға мәңгі қарыздар боламын", — дейді ол.


Sputnik


 


 


 




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30