Шартарап

Аула сыпырушы бір қап ақша тауып алған

  • © comments.ua

    © comments.ua

Қытайда аула сыпырушы бір қап ақша тауып алып, оны иесіне қайтарды. Қаптың ішінде 150 мың юань болған. Бұл туралы NUR.KZ порталы comments.ua сайтына сілтеме жасап жазады.


Хайкоу округінде тұратын Ли Ман таңертең аула сыпырып жүріп, ауыр қапты тауып алады. Қаптың ішін ашқан азамат оның ақшаға толы екенін ұққан.


"Біреу қапты түсіріп алып, сол үшін қатты уайымдап отырған шығар деп ойладым. Оны иесіне қайтаруға міндетті едім", - дейді ол.


Ер адам қапты полицейлерге апарып береді. Полицейлер қаптың қожайынын екі сағаттың ішінде тапқан. Оның иесі жергілікті кәсіпкер болып шықты.


Қапты компаниядағы қызметкерлердің бірі қоқыс деп ойлап, лақтыра салған екен. Кәсіпкер Ли Манға алғыс ретінде 20 мың юань ұсынғанымен, Ли ақшадан бас тартты. 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31