Шартарап

Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

  • Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

    Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

Швецияда жазушы Эмми Абрахамсон болашақ күйеуін қаңғып жүрген жерінен тауып алған. Америкалық Вик Кокула Эммимен алғаш ұшырасқан кезде қаңғыбас және маскүнем болған. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың 2 баласы бар. Ал Эмми өздерінің махаббат хикаялары туралы кітап жазған, деп хабарлайды The Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz.




2006 жылы Эмми Абрахамсон Амстердамға келіп-кетіп жүрген. Бірде ол құрбысын күтіп, көшедегі орындықта отырған. Осы кезде оған Вик Кокула жақындап келіп, уақытты сұраған. Алайда орындыққа қарсы бетте үлкен сағат тұрған еді. Виктің үсті-басы кір әрі одан жағымсыз иіс шыққанына қарамастан, Эммидің ішінде оған деген сезім пайда болған.


«Мен оның қаңғыбас екенін бірден түсіндім. Оның үсті-басы кір еді. ал шашы мен сақалы ұйысып қалған. Бірақ біз араласа бастадық. Мен оның қоңыр көздерінің сондай әдемі екенін байқадым. Мұндай көзді бұрын-соңды көрмеген едім. Сонымен қатар ол мені бірден күлдірді», – дейді Абрахамсон.



Эмми мен Вик араларындағы жақындықты сезініп, бес күннен кейін дәл осы жерде кездесуге уағдаласқан.


«Ақшам мен ойлағананнан да аз уақытта таусылды. Ойға алған дүниелерімнің барлығын жүзеге асыра алмады. Мұнан кейін өзіме: «Жарайды, мұның барлығын ақшасыз-ақ жүзеге асырамын», – дедім», – дейді Вик.Кокула Америкадан Еуропаға саяхаттауға келген. Алайда ақшасы аз уақыт ішінде таусылып қалыпты.


Вик қайыр тілеумен ақша табуға кіріскен. Сондай-ақ, көшеде түнеуді әдетке айналдырған. Мұнан кейін ішімдікке салына бастапты.



«Бәрі құрдымға кетті. Мен уақыт өте келе ішімдікті көп іше бастадым. Бірде өзімнің қаңғыбас маскүнем екенімді түсіндім», – дейді Вик.


Бес күннен кейін Абрахамсон мен Кокула уағдалы орында кездесіп, сол күнді бірге өткізген. Алайда Эмми Венаға қайтып оралуы керек болған. Эмми мұнан кейін Викпен қайта кездесе алмайтынын ойлап, оған өзінің телефон нөмірін қалдырып, үйіне қайтып оралған. Біраз уақыттан кейін оған Вик қоңырау шалыпты.


«Мен оны мұнан кейін тағы көре аламын ба, әлде кездесе алмаймыз ба, оны білмедім. Бірақ онымен кездесуден қатты үміттендім. Оны ұмыта алмадым. Үш аптадан кейін мен 30 жасқа толдым. Осы күні телефоныма әлдекім қоңырау шалды. Тұтқаны көтергенімде Виктің: «Мен осындамын», – деген дауысын естідім. Ол менің соңымнан Венаға келіпті. Сол уақыттан бері біз біргеміз», – дейді Абрахамсон.



Ғашықтар үйлену рәсімін сарайда өткізген. Вик өзіне жұмыс тапқан. Қазір ол электрик болып жұмыс істейді. Алты жыл бұрын ерлі-зайыптылардың егіз балалары дүниеге келген. Оларға Деста және Тиль деген есім беріпті. Ал Эмми өз басынан өткен махаббат хикаясын қағазға түсіріп, «Көшеде өмір сүретін ер адамға қалай ғашық болу керек» аталатын кітап жазды.


Stan.kz



Көрілген: 648    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.02.2018, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31