Шартарап

Әйелін тапсырыспен өлтіру үшін банктен несие алған

  • © Илья Питалев / РИА Новости

    © Илья Питалев / РИА Новости

Ленинград облысында ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.


Басылымның мәліметінше, ер адам киллерге аванс төлеу үшін қаржы ұйымынан 40 мың рубль алған. Ақшаны алудағы мақсат деген жерге өзіме қажет деп толтырыпты.


"Тергеу комитеті облыстық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 9 наурызда сот ер адамды бес жылға қамап, екі жылға бас бостандығына шектеу қойды. Ол кісі өлтіруге дайындалған деп айыпталды", - делінген жарияланымда.


Айта кетейік, Санкт-Петербург қаласының 22 жастағы тұрғыны әйелін 2017 жылы жазда өлтірмекші болған. Ол киллер іздеп, танысына айтқан, ол мұны полицияға хабарлапты. Ақыры киллердің ролінде полицей болып, жігіт ұсталды.


"Ер адам "киллермен" кездесіп, оған екі пышақ пен әйелінің суретін және мекенжайды берген. Қылмыстың орындалғанына көзі жету үшін әйелдің жеке заттарын талап етіпті. Ер адам аванс беруге келгенде ұсталды", - делінген жарияланымда.


Кейін ер адамның бұл қылмысқа не үшін барғысы келгені анықталды, ол әйелін жақтырмаған және кішкентай қызын өзі ғана қамқорлыққа алғысы келіпті.


Басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптының мінездері жараспай, үйлену тойынан біраз уақыт өткенде ажырасып кеткен.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 791    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 19:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31