Шартарап

Әйелінен кек алмақ болған ер адам енесін тірідей өртеп жіберді

  • Әйелінен кек алмақ болған ер адам енесін тірідей өртеп жіберді

    Әйелінен кек алмақ болған ер адам енесін тірідей өртеп жіберді

 Өрт кезінде үйде әйелдің анасы мен оның інісі болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Челябі облысының тұрғыны әйелінің туысқандары тұрған үйді өртеп жібергені үшін сот алдында жауап береді. Бұл туралы өңірлік прокуратура сайтында жазылған.


Оқиға 2015 жылдың шілдесінде болды. Әйелімен сөзге келген ер адам арақ ішіп, кек алу үшін енесінің үйіне өрт қойған. Өрт кезінде үйде егде жастағы әйел мен оның інісі болыпты.


«Үй түгі қалмай жанып кетті. Өрт кезінде ұйықтап жатқан 58 жастағы әйел мен оның 50 жастағы бауыры оқиға орнында қаза тапты», - деп мәлімдеді прокуратураның баспасөз қызметі.


Ер адамға ҚК-ның екі бабы бойынша айып тағылып отыр: «Екі адамды өлтіру» және «Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан, бөтеннің мүлкін қасақана жою».

Қылмыстық іс Челябі облыстық сотына жолданды.


Baq.kz




Көрілген: 681    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 19:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30