Шартарап

Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам жазаға тартылды

  • Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам жазаға тартылды

    Әйелінің рұқсатынсыз екінші рет үйленген ер адам жазаға тартылды

 Пәкістанда әйелінің рұқсатынсыз үйленген ер адам жарты жылға қамауға алынды. Сонымен қатар, оған 2000 доллар айыппұл төлеу жүктелді, деп хабарлайды  Baq.kz ақпарат агенттігі news.am-ге сілтеме жасап.


Айша Бибі сотқа күйеуі Шахзад Сакиб оның рұқсатын алмастан, екінші рет үйленгені туралы шағымданған.


«Бірінші әйелінің рұқсатын алмастан үйлену – бұл заңбұзушылық», - деген ол.


Ал ер адам болса сотта бірінші әйелінің рұқсатына мұқтаж емес екенін, дін оның төрт әйел алуға рұқсат ететінін алға тартқан.


Сот екінші әйел алған Шахзад Сакибтың шариғат талаптарына сәйкес төрт әйел алуға болады дегенін құптамай, оны жарты жылға қамауға алды.


Baq.kz


 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 02.11.2017, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30