Шартарап

Әйгілі Nokia 3310 қайта сатылымға шықты

  • Әйгілі Nokia 3310 қайта сатылымға шықты

    Әйгілі Nokia 3310 қайта сатылымға шықты

Финдік HMD Global компаниясы Nokia 3310 ұялы телефондарының жаңа нұсқаларын қайта шығарды. Аталған телефондарға 4G, Wi-Fi орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.


2017 жылмен салыстырғанда, телефонның сыртқы пішіні үлкейтілді. Ал басқа бөлігі өзгеріссіз қалды: экраны 2,4 дюйм, 320х240 пиксел, Micro-SIM карта салынады, қосымша картаның жады – 64 гигабайт, ал өзінің жады 256 немесе 512 мегабайт. Аккумуляторы 5 сағат үздіксіз және 12 сағат күту режимінде жұмыс істейді.


Мұндай телефондар тек Қытайда сатылатын. Әзірге оның бағасы айтылмады. Барселонада ақпан айының соңында өтетін MWC 2018 көрмесінде HMD Global осы телефондардың сатылымы туралы хабарлайды деген болжам бар.


Nokia 3310 2000 жылдың соңғы айларында шықты. Сол уақыттан бері аталған ұялы телефонның 126 миллионы сатылды.




Көрілген: 597    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 30.01.2018, 17:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28