Шартарап

Әзербайжандағы митинг: екі полицей қаза тапты

  • © Sputniк

    © Sputniк

Әзербайжанның батысындағы Гянджа қаласында тәртіпсіздік кезінде 2 полицей қаза тауып, 40 адам ұсталды, деп хабарлайды Әзербайжанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып РИА Новости.


Бұған дейін жергілікті БАҚ хабарлағандай, полиция Гянджадағы рұқсат етілмеген митингтің жолын кескен. Екі полицей зардап шегіп, 30 адам ұсталған. Тәртіпсіздік ұйымдастырғандар қала басшысы Эльмар Велиевке жасалған қастандық ісі бойынша ұсталғандарға қолдау көрсетпек болған.


"10 шілдеде сағат 20.00 кезінде радикалдық діни ағымды ұстанатын 150-200 адам Гянджа қаласының атқарушы билігі ғимаратының алдындағы алаңда өрескел тәртіп бұзбақшы болды. Тәртіпсіздікке қатысушылар полиция қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспай, оларға түйреу-кесу заттарымен қарсылық көрсетті", — деп жазылған ІІМ-нің хабарламасында.

Полиция митингке шыққан 40 адамды ұстаған, қалғандары қашып кеткен.


"Қаланың орталығында тәртіп шамамен 30 минутта толықтай қалпына келтірілді. Өкінішке қарай, алаңға шыққандарды тәртіпке шақыру кезінде радикалдық ағымдағылардың жарақатынан полицияның екі офицері — полковник Ильгар Балакишиев пен полковник-лейтенант Самед Аббасов көз жұмды", — деп хабарлады ІІМ.


Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.


"Қылмыстың барлық ұйымдастырушысы мен қатысушысын жауапкершілікке тарту үшін қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", — деп мәлім етті министрлікте.


Бұған дейін Әзербайжан билігі Гянджи атқарушы билігінің басшысы мен оның оққағарына шабуыл жасалып, олардың зардап шеккенін хабарлаған еді. Күдікті 35 жастағы Ресей азаматы Юнис Сафаровты полиция оқиға орнында ұстады.


 Sputnik




Көрілген: 266    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 12:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек, 12:19
    Мынау не сұмдық?! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30