Шартарап

Баласын көлігінде ұмытып кеткен әйел қамауға алынды

  • Көрнекі фото: 7info.ru

    Көрнекі фото: 7info.ru

АҚШ-тың Ноксвилл қаласында 38 жастағы әйел сауда орталығына кіріп, баласын көлігінде қалдырып кеткен. Сәби күн астындағы көлікте біраз уақыт жылап жатқан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.


Абырой болғанда сауда орталығында жұмыс істейтін әйел көлік ішінде қалып кеткен сәбиді байқап қалған. Ол дереу полицияға хабар беріп, тәртіп сақшылары келгенше көліктен баланы өзі шығарып алады.


Құтқарушы әйел балаға бірден су құйып, әбден қызып кеткен денесін салқындатқан. Себебі күн астында тұрған көлікте температура 40 градусқа дейін көтеріліп кетіпті.


Тәртіп сақшылары баланы қалдырып кеткен әйелді қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Белгілі болғандай, ол сәбиді уақытша қамқорлығына алған болып шықты. Ал полицияға берген мәлімдемесеінде өзімен бірге кішкентай баланы алып келгенін ұмытып кеткенін айтыпты.


Айта кетейік, мұндай жағдай АҚШ-та жиі кездеседі екен. Осыған дейін қоғамды дүрліктірген оқиғада америкалық азамат Ресейден асырап алған баласын көлікте қалдырып кеткен. Сәби 55 градус ыстыққа шыдай алмай, көлік ішінде жан тапсырыпты. 




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 14:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31