Шартарап

Балмұздақтан 200-ге тарта адам уланды

  • Балмұздақтан 200-ге тарта адам уланды

    Балмұздақтан 200-ге тарта адам уланды

Өзбекстанның Әндіжан облысында құлпынай балмұздағынан 200-ге тарта адам уланып, ауруханаға түсті деп хабарлады жергілікті билік пен тұрғындар.


Бұл туралы azattyq.org хабарлайды


Аймақтық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері 16 мамырда Азаттыққа Шахрихон ауданының 182 тұрғыны 15 мамыр күні облыстық интенсивті терапия бөліміне түскенін хабарлады. Ол барлығы 300-дей адам жергілікті жерде дайындалған құлпынай балмұздағын жеген соң дәрігерге жүгінгенін айтты. Жергілікті тұрғындар зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін және кейбір жерлерде «балмұздақтан уланған бірнеше адамның көз жұмғаны» туралы қауесет тарағанын айтады. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскен науқастардың ешқайсысы қайтыс болмаған дейді.


Кейбір ақпарат бойынша, Шахрихон ауданына денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Өзбекстанның бас санитарлық дәрігері Сайдмурад Сайдалиев бастаған бір топ дәрігер және төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері барған.




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.05.2017, 21:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30