Шартарап

Белгілі продюсер жас қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

  • © vladtime.ru

    © vladtime.ru

Есімін құпия сақтауды жөн көрген поляк моделі 16 жасында кинопродюсер Харви Вайнштейннің жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болғаны туралы мәлімдеді.


Оқиға 2002 жылы болған, деп жазады РИА Новости New York Post басылымына сілтеме жасап. Ол кезде актрисалық мансабын енді ғана бастаған бойжеткен Вайнштейнмен түскі ас ішуге барады, алайда продюсер оны үйіне апарып, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей бастаған. Бірақ жас қыз бас тартады. Ал Вайнштейн "әйтпесе, актриса болмайсың" деп қорқытып, арам ойын іске асыруға тырысыпты.


Осы жайтқа қарамастан, жас модель продюсермен өзінің болашағы туралы сөйлесуді жалғастырған.


Бұдан бұрын Голливудтің атақты кинопродюсерлерінің бірі Харви Вайнштейнді ондаған актриса жыныстық қатынасқа мәжбүрледі деп айыптады, олардың арасында Анджелина Джоли, Ума Турман және Эшли Джадд сынды жұлдыздар бар.


Осы айыптаулардан кейін Вайнштейн өз компаниясынан жұмыстан қуылып, Нью-Йорк билігі продюсерге қатысты тергеуді бастады.


Бір топ әйел Вайнштейн мен оның компаниясының өкілдеріне ұжымдық арыз жазып, сотқа берген.


 




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 14:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30