Шартарап

Билл Гейтс "супер сиырлар" үшін 40 миллион доллар бөлді

  • Билл Гейтс

    Билл Гейтс "супер сиырлар" үшін 40 миллион доллар бөлді

 Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс 40 миллион долларын GALVmed коммерциялық емес ұйымына аударды, бұл ұйым генетикалық зерттеулермен және үй жануарларына арналған екпелерді жасаумен айналысады, деп жазды РИА Новости агенттігі Business Insider порталына сілтеме жасап.


Басылымның мәліметінше, миллиардер Эдинбург университетіне барған, бұл университеттің мамандары осы жобаны қолға алатын болады. Гейтс аударған ақша "супер сиырларды" жасап шығаруға жұмсалады, ол сиырларда еуропалық және африкалық жануарларға тән ерекшеліктердің барлығы болады - қатты ыстыққа төзімділік және өнімді көп беру ерекшеліктері. "Жұмсалған әр доллардың жұмыс тиімділігі бұл жерде өте жоғары. Біз өміршең әрі төрт есе көп сүт беретін сиырларға қол жеткізе аламыз", деп келтірді басылым Гейтстің сөзін. Айта кетейік, кәсіпкер бұған дейін мұндай сиырларды жасанды жолмен жасап шығару туралы ұсыныс айтқан. Билл Гейтс қайырымдылық және ғылыми жобаларға жиі-жиі қаржы бөліп тұрады. Forbes журналының бағалауы бойынша, Microsoft компаниясының негізін салушының дәулеті 92 миллиард долларға жеткен.




kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.01.2018, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30