Шартарап

Бизнесменді соққыға жығып, тірідей өртеп жіберген

  • © nur.kz

    © nur.kz

Өзбекстанның Ферғана облысында бір топ ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, 40 жастағы кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.


Құқық қорғау органдарына Т.Мамадалиев деген азамат хабарласып, 1977 жылы туған ұлы жоғалып кеткенін айтқан.


Оның сөзіне қарағанда, ұлы 3 ақпан күні сағат 16:30-да Риштан ауданындағы "Бустон маззали таомлари" шайханасында достарымен бірге отырыпты. Бір кезде оған ішімдік ішіп алған ер адам келіп, көшеге "сөйлесуге" шақырған. Содан кейін оны ешкім көрмепті.

Елдің ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу нәтижесінде кәсіпкерді көшеде күтіп тұрған бірнеше адам Lacetti көлігіне отырғызып, "Мирзаобод тутзори" шаруа қожалығы аумағына алып барғаны белгілі болды.


Олар сол жерде бизнесменді аяусыз соққыға жыққан. Қылмысты жасыру үшін қимылсыз жатқан Р.Мамадалиевке бензин құйып, өртеп жіберіпті.


Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 


nur.kz




Көрілген: 989    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.02.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31