Шартарап

Боливиядағы қанды карнавал: 40 адам қаза тапты

  • © Синьхуа

    © Синьхуа

Боливиядағы карнавал кезінде кем дегенде 40 адам қаза тауып, 100 адам жарақат алған. Бұл деректі сейсенбі күні ел үкіметі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.


Боливияның ішкі істер министрі Карлос Ромеро радиоға берген сұхбаты кезінде адамдардың басым бөлігі карнавал кезінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқанын хабарлаған.


«Үш күнге созылған карнавалда 40 адам мерт болды. 124 адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың басым бөлігі жол апаты, Оруро қаласындағы жарылыс және су тасқыны салдарынан қайғылы оқиғаға тап болған. Сейсенбідегі жағдай бойынша есепті қарауымыз керек», - деді министр Ромеро.


Үкіметтің есебіне сәйкес, жол апаты салдарынан 16 адам қаза тапқан.


Оруро қаласында карнавал кезінде газ баллонының жарылу салдарынан сегіз адам ажал құшты.


Бұдан бөлек, тағы сегіз адам суға ағып кетсе, төртеуі өлтіріп, үшеуі өз-өзіне қол жұмсаған және тағы бірнеше адамды үсік шалған.


Жергілікті полиция дерегі бойынша, былтырғы карнавал кезінде 67 адам мерт болған.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.02.2018, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30