Шартарап

Бортында белгілі кәсіпкердің қызы болған түркиялық ұшақ апатқа ұшырады

  • CC0 / gustavmelin0

    CC0 / gustavmelin0

Иранның батысында түркиялық жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.


Шарджадан Ыстамбұлға ұшып шыққан Bombardier CL60 ұшағы кеше Астана уақытымен сағат 20.40-та радардан жоғалып кеткен. Бортта 11 адам болған, оның үшеуі – экипаж мүшесі. Әуе кемесі таулы жерге құлаған. Лайнер жерге соғылғаннан кейін өртеніп кеткен.


Түркия БАҚ-тары хабарлағандай, апатқа ұшыраған жеке ұшақ Başaran Holding инвестициялық компаниясына тиесілі болған. Бортта белгілі түрік бизнесмені Хюсейн Башаранның 28 жастағы қызы Мина Башаран мен оның жеті досы болған.


Мина Біріккен Араб Әмірліктеріне құрбыларымен бірге сауық кешін өткізуге барғаны белгілі болды. Ол 2013 жылдан бастап холдингтің директорлар кеңесіне кірген. Қыз Başaran Holding басшылығында әкесінің орнын басады деп жоспарланған.


Ұшақтың құлауына қозғалтқыштың өртенуі себеп болуы мүмкін.


Sputnik


 


 




Көрілген: 777    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30