Шартарап

Дәрігерлер қателесіп науқастың аяғын кесіп тастаған

  • Дәрігерлер қателесіп науқастың аяғын кесіп тастаған

    Дәрігерлер қателесіп науқастың аяғын кесіп тастаған

Ресейдің Воронеж қаласындағы ауруханада дәрігерлер қателесіп науқастың сырқат емес, сау аяғын кесіп тастаған. Тергеушілер БАҚ-та жарияланған ақпаратты тексеріп жатыр деп жазады РИА Новости.


БАҚ-тың мәліметінше, еңбегі сіңген мұғалім, концлагерь тұтқыны Мария Дронованың оң аяқ табаны шіри бастаған. Ұлы оған шұғыл операция жасату қажеттігін түсіндіріп, ауруханаға апарған.


Науқасқа операция жасалып, дәрігерлер ота сәтті өтті деп сендірген. Алайда, ұлы палатаға кірген кезде, оң аяғын емес, сол аяғын – жамбастың ортасына дейін кесіп тастағанын көреді. Дәрігерлер науқастың екі аяғын да кесіп тастау керек болғанын мәлімдеді.


Дронованың ұлы оң аяқтың табанын кесіп алып тастау керектігі жазылған емхананың бағыттама құжаты жоғалып кеткенін айтады. Ол тергеу органдарына арыз жазды. Ресейдің өңірдегі тергеу комитеті хабарлағандай, ауруханадан барлық медициналық құжат алынды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Туыстарынан, оқиға куәгерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынып жатыр.  




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 13:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30