Шартарап

Доңыз үшін қалыңдығын тастап кеткен жігіт жұртты таңдандырды (фото)

  • © PA Real Life

    © PA Real Life

Ұлыбританияда 37 жастағы азамат үйлену тойының салтанатты рәсімі аяқтала салысымен, қалыңдығын тастап, 200 келілік доңызына кетіп қалған. Джоанна Дуркин жануар үшін тіпті, бал айына да бара алмағанын айтады. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.


Ли Дуркин бар күнін Паснип атты доңызына қараумен өткізеді. Сондықтан үйленбес бұрын қалыңдығына өзінің жануарға деген ерекше махаббатын ескертіп қойыпты.


"Егер біреу үйге пышақ алып келсе, мен бірінші доңызымды қорғаймын. Сүйіктім мұны біледі. Паснип мен үшін әдемдегі ең сүйкімді тіршілік иесі. Бірақ ол бөтен адамдарды тістейді", - дейді Ли.



Күн сайын азамат Пасниппен бірге отырып кешкі сериалдарын көреді. Ал үйлену тойы өткен күні Ли доңызына әдеттегідей уақыт бөле алмағандықтан, салтанатты аяқтала сала оған қарай асыққан. Нәтижесінде Джоанна алғашқы түнін жалғыз өткізіп, жарының келуін таң атқанға дейін күтіпті.



"Күйеуім мені де бір күні Паснипті жақсы көргендей сүйетін болар деп үміттенемін. Бірақ біздің отбасымызға жануардың кесірі тиіп жатыр деп санамаймын. Егер Паснип бақытты болса, біз де бақыттымыз", - дейді Джоанна Дуркин.



 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31