Шартарап

Египетте "Мұсылман бауырлар" ұйымының 75 мүшесіне өлім жазасын кесті

  • © akikat01.com

    © akikat01.com

Египет соты қыркүйектің 8-і күні "Мұсылман бауырлар" исламшыл қозғалысының 75 мүшесіне өлім жазасын кесіп, 600-ден аса адамға әртүрлі мерзімге түрме жазасын тағайындады.


Үкім 2013 жылы Каир қаласында қантөгіске ұласқан қақтығыстар туралы сот ісі бойынша шығарылды. Сотталғандардың көбі – "Мұсылман бауырлар" исламшыл қозғалысының мүшелері мен жетекшілері. Египет билігі оларға зорлық-зомбылықты өршітті, арандату жасап, бүлікке айдап салды деген айыптар таққан. Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы сот процесін "масқара" деп атап, сотталушыларға шығарған үкімді айыптады деп хабарлайды "Америка дауысы".


Өлім жазасына кесілгендердің арасында "Мұсылман бауырлар" қозғалысының жетекшілері бар. Сотталушыларды Египет қауіпсіздік қызметінің сегіз қызметкерін өлтірген деп таныған. Египеттік құқық қорғаушылар болса елдегі күш құрылымдарының қызметкерлері бұдан да көп адамды өлтірген дейді.


"Мұсылман бауырлар" қозғалысы 2013 жылы өздері жақтайтын ел президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен күштеп тайдырған әскерилердің ісіне наразылық білдіріп, соңы қантөгіске ұласқан. Кейінірек Египетте "Мұсылман бауырлар" қозғалысы "террорлық ұйым" деп танылып, қызметіне тыйым салынған.


azattyq.org


 




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.09.2018, 11:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31