Екі баланың анасы түр-әлпетін өзгертіп, күйеуінің досына тұрмысқа шыққан
Ингушетияда екі баланың анасы түр-әлпетін өзгертіп, күйеуінің досына тұрмысқа шыққан. Түр-әлпетін күйеуін алдау үшін өзгертіпті. Сән салонында ерінін үлкейтіп, көзіне линза салған.
Оның бұл айласы тойда ғана әшкере болыпты.
Екі баланың анасы өз күйеуінің досына ессіз ғашық болып қалған. Бірақ онымен ешқашан кездеспепті. Тек хат-хабар алмасу арқылы араласқан. Бір бірін онлайн ұнатқан екеуі үйленуге шешім қабылдайды.
Ал келіншек күйеуіне өзінің тәтесі ауырып жатқанын айтып, басқа жаққа кететінін мәлімдеген. Осылайша бәрі тойға жиналған.
Досының тойына келген күйеуі өзінің келіншегін таныған. Оны келіншектің туған әпкесі айтып қойыпты.