Шартарап

Енді неке куәлігін көрсетпеген жұпты саунаға кіргізбейді

  • ozodi.org

    ozodi.org

Душанбе қаласында некеде тұрмаған жұпты саунаға бірге кіргізбейді.


Сауна қожайындары енді ерлі-зайыптылар неке туралы куәлік көрсетуі керектігін растады.


"Ерлі-зайыптыларға ешқандай кедергі жоқ. Ал некеде тұрмаған жұп үшін демалыстың мұндай түріне тыйым салынған. Мұндай ережені қала билігі енгізді", - деді 22 қазанда дереккөз.


Душанбе тұрғыны Дилшодты өткен аптада әйелімен саунаға бірге жібермеді, өйткені олар неке туралы куәлік көрсетпеген.


"Біз жаңа ереже туралы білмедік, сол себепті ерлі-зайыпты екенімізді дәлелдей алмадық. Сауна қожайындары бұны билік ережесі деп түсіндірген", - деді қала тұрғыны.


Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы ​Умарджон Эмомали мұндай ереже жезөкшелер жайлаған мекендермен күресу үшін жасалғанын айтқан.


Сол себепті сауналар мен басқа да мекемелердің қожайындарына қатаң ескертілген. Қаладағы қонақ үйлердің қожайындары да осындай ескерту алған. Жекеменшік қонақ үйлердің ресепшнінде ерлі-зайыпты еместерге бірге нөмір берілмейтіні айтылған.


ktk.kz


 




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30