Шартарап

Ерлі-зайыпты бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсады

  • © Otravlen.ru

    © Otravlen.ru

Тәжікстанның Куляб қаласында ерлі-зайыпты өмірмен қоштасты. Олар бірінен соң бірі өз-өзіне қол жұмсаған. Себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі centralasian.org басылымына сілтеме жасап.


Тергеушілер отбасындағы жанжалдан соң ерлі-зайыптылар осындай қадамға барған деп болжап отыр.


Кулябтағы ішкі істер департаментінің қызметкері берген мәліметке қарағанда, 35 жастағы қала тұрғыны Сабохат Саъдуллоева өткен аптаның басында қышқыл ішіп өлмек болған. Әйелді ауруханаға жеткізгенімен, ол екі күннен кейін қайтыс болады.


Тағы екі күннен соң Рудаки ауылы маңындағы төбешікте оның күйеуі Бегиджон Курбоновтың денесі табылды. Ол өзіне қол жұмсамастан бұрын өз өмірі туралы дәптерге жазып кеткен.


Ерлі-зайыптылар Куляб қаласында тұрған. Олардың некесінен бір ұл және Сабохат Саъдуллоеваның бұрынғы некесінен екі бала жетім қалды.

 




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.02.2018, 20:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31