Шартарап

Грузиннің ең сұлу актрисасы өлі табылды

  • Лика Кавжарадзе. © intermedia.ge

    Лика Кавжарадзе. © intermedia.ge

Тбилисиде Грузияның танымал актрисасы Лика Кавжарадзе өлі табылды. 57 жастағы актрисаның денесі 11 қазанда Иракли Абашидзе көшесінде орналасқан пәтерінен табылды, - деп хабарлайды "Новости-Грузия" басылымы полицияға сілтеме жасап.


Алдын ала мәлімет бойынша, актрисаның денесінде зорлық белгілері жоқ. Өлімінің себебі әзірше ресми түрде аталған жоқ.


Құқық қорғау органдарды "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.


Лика Кавжарадзе 1959 жылы 26 қазанда Тбилисиде дүниеге келген. 1973 жылы Сараджишвили атындағы мемлекеттік консерваторияның фортепиано класын аяқтаған. Актерлік қызметті 1972 жылы "Грузинский фильм" киностудиясында бастаған.




© kino-teatr.ru


Айта кетейік, актриса Тенгиз Абуладзенің "Древо желаний" фильміндегі Марита рөлінен кейін танымал бола бастаған.



Басылымның мәліметінше, Лика Кавжарадзе барлығы шамамен 30 фильмге түскен. Олардың ішінде "Бабочка", "Дюма на Кавказе", "Только раз", "Кавказский романс", "Голубые горы" және тағы басқа фильмдер бар.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 12.10.2017, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 09:42
    Әлемдегі ең бай әйел кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31