Шартарап

Гулнара Каримованың ақшасына кімдер таласып жатыр?

  • © 24СМИ

    © 24СМИ

Швейцарияның федералды прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Каримованың 2012 жылы бұғатталған ақшасына қатысты тергеу ісін енді аяқтады. Мәселе 800 миллион АҚШ долларына қатысты. Іс әлі сотқа берілмеді. Бірақ бұл ақшаға талас басталып кеткен.


«2012 жылдың шілде айында алты адамға, оның бірі Гүлнәр Каримоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар көлеңкелі ақшаның ізін жасырмақ болды деп айыпталады. Швейцария прокуратурасы әзірге 800 млн франкті (шамамен 784 млн АҚШ доллары) бұғаттап отыр. Бұл іс 19 елдің құқықтық көмегімен жүзеге асырылды», – делінген Швейцарияның федералды прокуратурасы таратқан мәлімдемеде.


«Берн декларациясы» тәуелсіз ұйымының сарапшысы Оливье Лонгшан Гүлнәр Каримованың ісі халықаралық құқықтануда ең былыққа батқан іс екенін айтады.


«Негізінде бұғатталған ақша мен байлықтың жалпы сомасы 1 млрд доллар. Екіншіден, бұл істі 19 елдің заңгерлері қарап жатыр. Бұл мәселеде аталған елдердің заң өкілдері арасында кикілжіңнің туындауы заңды,» – дейді Оливье Лонгшан.


Сол себептен Швейцария прокуратурасы тезірек істі сотқа беруге мүдделі дейді сарапшы Лонгшан.


Le Temps газетінің 19 қазанында жарық көрген мақаласында бұғатталған ақшаға негізінен Өзбекстан, АҚШ және Голландия таласып отырғаны айтылған. Ресми Ташкент өзбек ақшасын елге қайтаруды талап етеді. АҚШ болса, қаржы жымқыру америка банктері арқылы жүзеге асқан дейді. Ал Голландия болса, пара берген өз елінің компаниясы, бұл голландықтардың ақшасы деп есептейді.


365info.kz 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 28.10.2017, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30