Шартарап

Иран-Ирак шекарасындағы жойқын жер сілкінісінен 129 адам қаза тапты

  • TRT Haber

    TRT Haber

7,3 магнитудалық жер сілкінісі жексенбі күні Иран Ислам Республикасы мен Ирак шекарасында болды. Зілзаладан қаза тапқандар саны 129-ға жетті, ал зардап шеккендер саны 1000 адамнан асқан. Бұл туралы елдің Азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап, Farsnews хабарлады.


Осы оқиғаға байланысты құрылған дағдарыс орталығының мәліметтерінше, табиғат апатының зардабын Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинциялары тартқан. Қираған ғимараттардың көпшілігі Каср-э-Ширин, Илам, Керманшах сияқты тап осы өңірдегі қалаларда тіркелген.


Иран президенті Хасан Рухани зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетуге тырысып жатыр.


Жарты ай қоғамының жергілікті өкілдігі апат болған аймақтарда іздеу және құтқару жұмыстарын қолға алды. Мұнда құтқарушылардың қосымша күштері жіберілді.


Табиғат апатынан зардап шеккендерді азық-түлікпен, жылы киімдермен және отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы далалық госпитальдер ұйымдастырылды.


Мұнай-газ инфрақұрылымын қоса алғанда стратегиялық нысандарға зақым келмеген.


Провинциялардағы әуежайлар әдеттегі режимде жұмыс істеп жатыр.


Ауыр жарақат алғандарды Тегеранға жөнелту үшін 20 әскери тікұшақ дайындалған. Үйлерін тастап шыққан жергілікті тұрғындар жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін деген үреймен көшеде түнеп жүр. Соңғы 3 сағат көлемінде қуаты 3,6-дан 4,7 магнитудаға дейін жететін жерасты дүмпулері 12 рет қайталанған.


 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30