Шартарап

Ислам Каримовтің немересі Ұлыбританиядан саяси баспана сұрап отыр

  • © nur.kz

    © nur.kz

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің үлкен немересі, Гүлнәр Каримованың ұлы, 25 жастағы Ислам Каримов Ұлыбритания үкіметінен саяси баспана сұрады. Бұл туралы BBC өзбек қызметі сілтеме жасаған Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.


Өмірден өткен бірінші президенттің немересі саяси баспананы бір ай бұрын сұраған. Кіші Ислам Каримов қазір Лондонда тұрып жатыр. Оның анасы Гүлнәр Каримова Өзбекстанда тұтқында отыр.


Былтыр Өзбекстанның бас прокуратурасы 2015 жылдың тамыз айында Каримоваға қатысты сот болғанын, сот шешімімен салықтан жалтарды, мемлекет қаржысын ұрлады және оффшорлы компаниялардағы құжаттарды жойып жіберді деген айыптармен 5 жылға бостандығы шектелді деп хабарлған.


Кейін Гүлнәр Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратура мәліметі бойынша, бұл жолы оған алаяқтық жасады, көлеңкелі табысты заңдастырды, шетел валютасын жасырды деген айыптар тағылған. 


nur.kz




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31