Шартарап

"Жалаңаш па?". Ислам Каримовтың қызы екіұшты сурет жариялады

  • © instagram.com/lola_tillyaeva

    © instagram.com/lola_tillyaeva

Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісіндегі парақшасында белден жоғары денесі жалаңаш көрінетін көйлекпен түскен суретін жариялады.


Лола Каримова-Тилляева бұл суретіне қатысты былай деп пікір жазған: "Париждегі жағымды естеліктер", #theharmonist #fragrance #perfume. Сурет француз парфюмерлік брендінің проморолигіне арнайы түсірілгенге ұқсайды.


Sputnik Узбекистан басылымының мәліметінше, суретте Каримова-Тилляева жалаңаш тұрған жоқ, ол адам денесінің түсіндей арнайы көйлек киіп тұр.


Алайда халықаралық ірі ұйымның республика атынан шыққан өкілі неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз, өйткені ол өз елінде нәзіктік пен кербездіктің үлгісі саналады.


Өзбекстандықтар бұл суретке қатысты түрлі ой айтып жатыр. Біреулері мұндай көйлек киюдің еш сөлекеттегі жоқ екенін және нағыз фотоөнерге екіжүзділікпен қарамау керек екенін айтып жатса, басқалары Лола Каримова-Тилляеваның сыпайы екенін, сондықтан сіңлісі секілді мұндай суреттерді Желіге салмайды деп үміттенетінін жазған.

 


tengrinews.kz




Көрілген: 1060    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 23.10.2017, 19:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30