Шартарап

Жапония суретшісі Мона Лизаны ерекше әдіспен қайта салды

  • © CNN

    © CNN

Мультфильмнен алынған мың түрлі ұсақ кейіпкерлердің бейнесін біріктіріп, жапондық суретші Кейта Сагаки Мона Лиза классикалық картинасын жаңа бейнеде таныстырды. Леонардо да Винчидің әйгілі Мона Лиза туындысы бұған дейін де көптеген түрде қайта салынса, дәл осындай ұсақ суреттермен алғаш рет бейнеленіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.


Сагакидің суреті алыстан қара түсті қаламсаппен салынған сияқты көрінеді. Бірақ жақыннан келіп қарасаңыз, картинаның жүздеген мультфильм кейіпкерінен құралғанын көресіз. Мәселен, күшік Мона Лизаның бетінде жатыр, ал күліп тұрған мысықты оның мұрнынан табасыз. Сатурн туралы мультфильм кейіпкерлерін ханымның маңдайынан кездестіруге болады. Және дәстүрлі жапон анимесі мен манга кейіпкерлерін суретші көптеп қолданған.


Леонардо да Винчидің «Ботичелли», «Венераның тууы», «Құпия кештер» туындылары мен Хокусаяның «Канагавадағы үлкен толқын» картинасын да осындай мангалармен салып шыққан.


Жапондық суретші 2004 жылдан бері өзінің қайталанбас стилін қалыптастырды. Бала кезінен бері жақсы көретін манга және аниме мульткейіпкерлерін Батыс өнерімен астастыра білген.




 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31