Шартарап

Жапонияда топан судан қаза тапқандар саны 117 адамға жетті

  • © 24.kz

    © 24.kz

Жапонияда толассыз жауған жауын мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны артты. Мұнда табиғи апаттан 117 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын іс-түссіз жоғалды деп хабарланды.


Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жауынның күшті болғаны сонша тіпті тұрғындар толып қалған топан судан көшеге шығай алмай қалған. Табиғаттың тілсіз жауы жүздеген ғимарат пен тұрғын үйді күйретті.


Жапонияның барлық аймағынан 1 миллион 500 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Құтқару шараларына ондаған мың әскери мен полицейлер және өрт сөндірушілер жұмылдырылған.


Ал ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері елдің оңтүстік-батыс және орталық өңірлерінде тағы жауын жауады. Осыған байланысты су тасқыны мен лай көшкіні қаупі күшейетіні ескертілді.


24.kz


 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.07.2018, 22:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қыркүйек, 12:19
    Мынау не сұмдық?! (видео)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30