Шартарап

Жазда Ресейде қазақстандықтарды тіркеу ережесі өзгереді

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

2018 жылдың 25 мамырынан 25 шілдесіне дейін, Ресейде футболдан Әлем чемпионаты өтуіне байланысты, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтарын тіркеудің ерекше ережелері қолданылады.


25 мамырдан бастап жоғарыда аталған қалаларға баратын Қазақстан азаматтары бір тәулік ішінде көші-қон жөніндегі жергілікті органда тіркеледі, көші-қон органдары 25 мамырдан 25 шілдеге дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді.


Осы ережелер Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларына барған шетел азаматтарына ғана жүреді, ал елдің басқа өңірлерінде бұрынғы тәртіп сақталады.


Яғни РФ-ға 30 күннен аз уақытқа барған Қазақстан азаматтары тіркелуге міндетті емес.


Қонақүйлерде, санаторийлерде, демалыс үйлері немесе басқа да уақытша орналасу орындарында уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының тіркелуіне қабылдаушы тарап (қонақүй, санаторий, т.б. әкімшілігі) жауапты.


Консулдық округтерге сәйкес, РФ қалаларының аумағындағы ҚР азаматтары мына мекемелерге хабарласуына болады: – Мәскеу, Сочи және Дондағы Ростов – Мәскеудегі ҚР Елшілігінің консулдық бөліміне; – Санкт-Петербург және Калининград – Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулдығына; – Қазан, Екатеринбург, Нижний Новгород және Саранск – Қазандағы ҚР Бас консулдығына; – Волгоград және Самара – Астраханьдағы ҚР Консулдығына.


egemen.kz


 




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31