Шартарап

Жесір әйел марқұм күйеуінен бала көтермек болды

  • © Foto: Public Domain

    © Foto: Public Domain

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы кеңестік аудандық сот эмбриондарды қайтыс болған ер адамның мұрасы деп танудан бас тартып, жесіріне бала көтеруге рұқсат бермеді. Әйел адам алғаш ЭКО жасатқан Санкт-Петербург қаласындағы ауруханада сақталған ұрықтандырылған аналық жасушалар жойылды, деп хабарлайды "Известия".


Ростов тұрғыны эмбриондарды күйеуі қалдырған мұра ретінде танып, тағы да ЭКО жасатуға рұқсат сұраған, өйткені былтыр қазан айында жасалған алғашқы процедура сәтті шықпапты. Медициналық қызмет үшін қалалық міндетті медициналық сақтандыру қоры төлеген. Ол кезде әйел адам бала көтере алмай, содан кейін өзінен 30 жас үлкен күйеуі көз жұмады.


Ауруханада ерлі-зайыптының мұздатылған эмбриондары сақталған екен, алайда дәрігерлер оларды жоюға шешім қабылдапты. Сот та оларды жақтады, өйткені мұндай шешім жұбайлар қол қойған аурухана шартында көрсетілген.


Медициналық мекеме заңгерлері айтқандай, эмбриондар мұра ретінде қабылдануы үшін федералды заңдарға өзгерту енгізілуі тиіс. Оның үстіне адам құқығы бойынша Еуропалық соттың Үлкен палатасы 2007 жылы 10 сәуірден бастап жесір әйелдерге күйеуі тірі кезде алынған эмбриондардың көмегімен бала көтеруге тыйым салған.


Sputnik


 




Көрілген: 538    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31