Жігітімен "орыс рулеткасын" ойнаған жас қыз өзін-өзі атып өлтірді
27 жастағы ер азамат өзінің сүйіктісімен шайтанның ойынын ойнаса керек.
Өмір мен өлім таласын қызық көрем деушілердің дегені болғанға ұқсайды. Жас қыз ақыр соңында өзін-өзі атып алған.
Оның шала-жансар денесін сүйіктісі ауруханаға жеткізіп, өзі қашып кетпек болған.
Алайда жергілікті полиция қызметкерлері 27 жастағы азаматты келесі ауданға жетпей ұстап алған.
Тұтқындалған адам өзінің сүйіктісімен ойын ойнағанын айтып ақталуда. Тіпті аталмыш оқиғаның куәгерлері де пайда болған екен.