Шартарап

Жүк көлігінің шығып кеткен дөңгелегі 54 жастағы әйелді мерт қылды (видео)

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

КамАЗдан ұшып кеткен дөңгелек 54 жастағы мәскеулік әйелді мерт қылды.


Мәскеу қаласында тас жолда таксиге отырғалы жатқан әйелді КамАз-дан ұшып шыққан дөңгелек соқты. Әйел тілге келместен ажал құшты.


Соққының күшті болғаны соншалық, 54 жастағы сауда үйінің кассирі сол жерде тіл тартпай кетті. Ал дөңгелек қоқыс жинайтын камАздың артқы жағынан шығып кеткен.


Сауда үйінде касир болып істейтін әйел кешкі сағат 23.50-де жұмысын аяқтап, өзін күтіп тұрған «Шкода Октавия» таксиге отырмақ болған. Сол мезетте жолда бос КамАЗ келе жатқан. Рөлде отырған 51 жастағы жүргізуші артқы дөңгелегі шығып кеткенін байқайды. Сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі жолақтан ұшып шығып, жолдың шетіне құлдилаған.


Сөйтіп көліктің дәу дөңгелегі таксиге жақындап қалған әйелді барып соққан.


Бес секунд өте сала оқиға орнына патруль көлігі жетті. Олар жүк көлігінің дөңгелегі шығып кеткенін алдында көріп, артынан келе жатыпты.


Енді жаяу жүргіншінің өліміне кімнің кінәлі екені анықталуда. Оған енді жүк көлігінің жүргізушісі мен оны жолға шығарған механик жауап береді.



 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

жұма, 02.11.2018, 17:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30