Шартарап

Жұмыс істемегенің үшін де салық төлейсің немесе жатыпішерлердің дерек базасы жасалады

  • Жұмыс істемегенің үшін де салық төлейсің немесе жатыпішерлердің дерек базасы жасалады

    Жұмыс істемегенің үшін де салық төлейсің немесе жатыпішерлердің дерек базасы жасалады

Белорусияда еңбек етуге жарамды бола тұра ел экономикасына пайдасы жоқ азаматтар туралы мәліметтер базасы жасалады. Бұл жайында аталған елдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрніңі орынбасары Андрей Лобович мәлім етті.


Сондай-ақ, министрдің орынбасары аталмыш дерек базасы екі кезеңде түзілетінін жеткізді. «Республикалық деңгейде республикалық ақпарат ресурстары негізінде негізгі база жасалады. Ал жергілікті деңгейде қолдағы ақпарат ресурстары мен ақпаратты ескере отырып, негізгі мәліметтер базасына түзетулер жүргізілетін болады»,- деді ол. Министрдің орынбасары осылай дей келе мәліметтер базасын азаматтарға жұмыс тауып беру мәселесін шешу үшін пайдаланылуға болатынын тілге тиек етті. Айта кету керек, ағымдағы жылдың қаңтар айының 25-і күні белорус президенті Александр Лукашенко еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекет тарапынан қаржы бөлуді тоқтатуды қарастыратын №1 декретке қол қойған еді. Келесі жылдың бас кезінен, дәлірегі, 2019 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, жұмыс істемейтін еңбекке қабілетті ел тұрғындары мемлекет қаржыландыратын қызметтердің ақысын толық төлейтін болады. Тағы бір айта кететіні, 2015 жылдың сәуір айында ел президенті Александр Лукашенко «Арамтамақтарға салынатын салық» құжатына қолын қойған еді. Аталмыш құжаттағы талап бойынша еңбекке жарамды бола тұра алты ай бойы жұмыс істемеген әрі салық төлемеген ел тұрғындары жыл сайын 250 доллар шамасында мемлекетке төлем төлеуі тиіс. 2017 жылдың ақпан айында белгілі болғандай, 470 мың адамнан 46 мыңдайы ғана төлем төлеген екен. Бұл салық ел аумағында наразылық акцияларын тудырды.  


islam.kz




Көрілген: 611    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 29.01.2018, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31