Шартарап

Жыныстық қатынастың жетіспеушілігінен жапон халқына жойылу қатері төніп тұр

  • © Reuters

    © Reuters

Жапонияда Халық және әлеуметтік қорғау саласындағы Ұлттық ғылыми зерттеу институтының сарапшылары алдағы ондаған жылда елдің демографиялық жағдайы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген болжам жасады, - деп жазады The Independent.


Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше, 2016 жылы Жапонияда тұңғыш рет бір миллионнан аз бала дүниеге келген. Мұндай апат жағдайына негізгі себептердің бірі ретінде үйленбеген ер адамдардың 70 пайызында және тұрмыс құрмаған әйелдердің 60 пайызында жыныстық қатынастың жеткіліксіздігі тіркелгені аталып отыр.


Мамандар жас ұрпақтың бара-бара отбасы құруға және дүниеге бала әкелуге құлықсыздық танытып отырғанын айтады.


Гарвард әлеуметтанушысы Мэри Бринтон Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жапон қоғамы "ер адам - жұмыс істейді, әйел - бала тәрбиелейді" деген қалыптасқан ереже бойынша өмір сүргенін айтып отыр. Ал қазіргі қоғамда әйелдер еңбек нарығына белсенді араласып жатыр. Сондықтан отбасы жұптарына баламен өмір сүру қиынға соғып отыр екен. "Жапонияда отбасы өліп жатыр", - деп мәлімдеді әлеуметтанушы.


Осындай проблемаға АҚШ, Дания, Қытай және Сингапур ұрынады делінеді. Алайда Жапонияның болашағы қалғандарына қарағанда күңгірт дейді ғалымдар.


tengrinews.kz

 




Көрілген: 1023    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.05.2017, 09:38

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30