Шартарап

Қалыңдығының жасауына көңілі толмаған жігіт үйленуден бас тартқан

  • © Nuz.uz

    © Nuz.uz

Өзбекстанда жігіт қалыңдығының жасауының жеткілікті және жақсы болмауына байланысты оны үйлену тойының алдында тастап кеткен. Бұл оқиға жайлы жергілікті телеарнадағы жаңалықтардан көрсетілген, - деп жазады Nuz.uz.


Сюжетке қарағанда, Науаиде жігіт қалыңдығының жасауын көрген бетте оған үйленуге бас тартқан. Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында ол қалыңдығынан жақсы жасау күткенін, себебі, оның айтуынша, қыздың өзі дәулетті отбасыдан шыққан.


"Мен олардың дүниені қымбат түрік маталарынан дайындайды деп ойладым, ал олар болса Гиждуван базарынан арзан заттарды әкелген. Оның отбасы ауқатты, жақсы жасау жинайды деп сендім", - дейді жігіт.


Желіде жарияланған осы роликтен кейін Ташкенттің бас имам-хатибі Анвар-кори Турсунов ер адамның әйелден қандай да бір жасау талап етпеуі керектігін айтты.


"Ешкім де қалыңдықтың ата-анасын жиһаз, техника, алтын бұйымдар сатып алуға мәжбүрлей алмайды. Мұның барлығы жігіт жақтың міндеті. Үйлену тойы кезінде де, бала дүниеге келгенде. Жігіт қызды әйел етіп алып жатса, ол барлығына өзі жауапты - оның оқуының ақшасын, емі және тағы басқалараына. Бұлай жасамаса, ол мұсылман емес", - деді имам.


tengrinews.kz

 




Көрілген: 700    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31